10 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті

10 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті

Шығыс Қазақстан облысында ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту мақсатында 2024-2026 жылдарға арналған қан қызметін дамыту жөніндегі Жол картасының жоспарлы іс-шарасы шеңберінде бүгін, 2024 жылғы 21 қазанда «Шәкәрім атындағы  №1 орта мектебі» КММ-де 10 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті. Дәрісті қан орталығының қызметкерлері дәрігер-трансфузиолог Умырзаков Дархан Шоқанұлы және халықты қан донорлығына үгіттеу жөніндегі маман Мустафина Мира Ақылбековна жүргізді. Дәріс барысында оқушылар қан донорлығы туралы, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өмірі үшін донорлық қанның маңыздылығы туралы ақпаратпен танысты. Дәрісте берілген  ақпарат балаларды болашақта саналы таңдау жасауға және донор болуға шабыттандырып, адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосады деп үміттенеміз.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріМемлекеттік қызметкерлер арасында өткен Донор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33