Марафон «Генетикалық егізіңізді табыңыз!»

Марафон «Генетикалық егізіңізді табыңыз!»

2024 жылдың 05 және 06 қарашасында қан орталығында ABFond командасының қолдауымен «Көшбасшы» ірі іздеу қауымдастығымен және бүкіл Қазақстан бойынша сүйек кемігі донорларының Ұлттық тіркелімімен бірлесіп «Генетикалық егізіңізді табыңыз!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Бұл күндері қала тұрғындары гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының қатарына қосылды! Науқасқа таптырмас донорлық көмек-бұл үлкен құрметке лайық асыл іс! Сүйек кемігінің доноры болу арқылы адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік алған және өзі үшін сүйек кемігі донорларының тізіліміне кіру туралы шешім қабылдаған әрбір донорымызды құттықтаймыз және алғыс айтамыз. Тіркеу отандық денсаулық сақтау саласында онкологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді және сүйек кемігінің депрессиясынан туындаған ауыр жағдайларды емдеу үшін қажет. Қазір Қазақстан еліміздің азаматтарын құтқару үшін құрылған сүйек кемігі мен гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының тіркелімін белсенді дамытуда. Медициналық мекемелердің, мемлекеттік және коммерциялық емес құрылымдардың өкілдерінің бірлескен жұмысының, сондай – ақ, біздің орасан зор еліміздің барлық азаматтарының қатысуының арқасында тіркелім сәтті дамуда. Бүгінгі күні сүйек кемігін трансплантациялаған адамдар донорларына алғыс білдіреді! Қазір тізілімде 13 мыңнан астам донор бар. Сүйек кемігінің әлеуетті доноры болуға шешім қабылдаған жанашыр адамдардың күн сайын саны артып келеді! Осы күндері гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының қатарына кірген тұрғындарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

 

А (II) теріс резусты қан тобының донорларын донацияға шақырамызАдамдарды донорлыққа тартудың пәрменді тәсілі-өскелең ұрпақпен жұмыс жасау

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33