Тіс дәрігеріне барғаннан кейін донорлық
18 жастан асқан кез-келген денен сау адам донор бола алады. Дегенмен, қан және оның компоненттерін беруге белгілі бір медициналық қарсы көрсеткіштер бар.
Бүгін біз тіс дәрігеріне барғаннан кейін қан тапсырудан бас тарту мерзімдері туралы айтамыз:
1) Егер, Сіз тісіңізді жұлдыртсаңыз – тісті жұлып тастағаннан соң 10 күннен кейін ғана қан тапсыра аласыз.
2) Стоматит болсаңыз-қан тапсыруға 1 айдан кейін ғана рұқсат етіледі.
3) Тістеріңізді емдетсеңіз – егер асқынулар болмаса, 24 сағаттан кейін қан тапсыруға рұқсат етіледі.
4) Қызыл иегіңіз қабынса – тістердің түбір тіндерінің қабынуы-жедел кезең тоқтатылғаннан кейін 1 айдан кейін қан тапсыруға рұқсат етіледі.
5) Тіс жегісін емдетсеңіз – донацияға келесі күні рұқсат етіледі.
6) Егер Сізге жергілікті анестезия жасалса, Сіз анальгетиктерді қабылдасаңыз, қан қызметі мекемесіне бару оларды қабылдағаннан кейін 3 күннен кейін ғана мүмкін болады.
7)Егер сіз антибиотиктерді қабылдаған болсаңыз, онда донацияға дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін 14 күнтізбелік күннен кейін келуге болады.
8) Амбулаториялық стоматологиялық оталар, мысалы имплантаттар-отадан соң, 6 айдан кейін қан тапсыруға рұқсат етіледі.
Құрметті донорлар, донацияға жіберу туралы түпкілікті шешімді қан орталығының дәрігері қабылдайтынын естеріңізге саламыз.