E-DENSAULYQ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЫҢҒАЙЛЫЛЫҒЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің 17 мемлекеттік ақпараттық жүйесі және нарықта 20-дан астам медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Олар жыл сайын 1900 медициналық ұйым ұсынатын 400 миллионнан астам медициналық қызметтерді өңдейді. Жүйеге 20 миллионнан астам азаматты қамтитын 422 мың медицина қызметкері тартылған. Деректердің тиімділігі мен интеграциясын арттыру үшін бірыңғай платформада қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңғыртуды және шоғырландыруды көздейтін e-Densaulyq экожүйесінің тұжырымдамасы әзірленді. E-Densaulyq-ты енгізу денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға қабілетті бірыңғай цифрлық кеңістікті құрудың іргетасы болады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің 17 мемлекеттік ақпараттық жүйесі және нарықта 20-дан астам медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Олар жыл сайын 1900 медициналық ұйым ұсынатын 400 миллионнан астам медициналық қызметтерді өңдейді. Жүйеге 20 миллионнан астам азаматты қамтитын 422 мың медицина қызметкері тартылған. Деректердің тиімділігі мен интеграциясын арттыру үшін бірыңғай платформада қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңғыртуды және шоғырландыруды көздейтін e-Densaulyq экожүйесінің тұжырымдамасы әзірленді. E-Densaulyq-ты енгізу денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға қабілетті бірыңғай цифрлық кеңістікті құрудың іргетасы болады.