ГДЖ донорлығы-өмірді құтқарудың маңызды қадамы: Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Денсаулық сақтау Министрлігі жариялаған «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясы аясында РК@healthcare.gov.kz «ABF» ҚҚ-мен @abfond.kz бірлесіп Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні қарсаңында 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті, кездесу барысында гемопоэтикалық дің жасушаларының (ГДЖ) донорлығы мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында ұжым алдында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директоры Светлана Шмурыгина сөз сөйледі. Ол ГДЖ донорлығының процесі, оның маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның баяндамасының арқасында қатысушылар өздерің қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды және әрқайсымыздың өмірді сақтауда қандай рөл атқара алатынымызды түсінді. ГДЖ донорлығы – өмірлік мүмкіндік, сондықтан да бүгін осындай маңызды күнде ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл бастаманы қолдап қана қоймай, сонымен қатар, алғашқы болып ГДЖ әлеуетті донорларының қатарына қосылып, жеке үлгі көрсетті. Бұл қадам қоғамға сүйек кемігі донорлығының маңыздылығы туралы маңызды дабыл болып табылады.ГДЖ донорларының Ұлттық тізіліміне неғұрлым көп адам қосылса, соғұрлым пациенттердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі арта түседі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерінен кейін «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК дәрігерлері мен медицина қызметкерлері ГДЖ донорларының қатарына қосылды.Айта кету керек, денсаулық сақтау Министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова қазақстандықтарды ГДЖ доноры болуға шақырды және Ұлттық сүйек кемігі донорлары тізілімінің қатысушысы бола отырып, донация рәсімінен өтті. Ол Қазақстанда 8 мыңнан астам қан қатерлі ісігі бар науқастар есепте тұратынын, жыл сайын 1,5 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелетінін, оның 600 – і балаларда тіркелетінін еске салды. 20 миллион халқы бар гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының Ұлттық тізілімінде базада барлығы 12 742 әлеуетті донор бар.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаевқа және оның ұжымына Шығыс Қазақстан облысында ГДЖ донорлығына баға жетпес қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің денсаулық сақтаудың осы маңызды саласына назар аударуыңыз, донорлық қозғалысты дамытуға белсенді қолдау көрсету және трансплантацияны қажет ететін науқастарға көмек көрсету адам өмірін сақтап қалуға қосқан баға жетпес үлес болып табылады. Шараға қатысушылардың барлығына зор денсаулық, алдағы қызметтеріне табыс және игі бастамаларды жүзеге асыруға сарқылмас қуат тілейміз!