«Әр тамшы қандағы өмір» акциясы аясында бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында облыстық қан орталығында донорлық акция өтті.
ГДЖ донорларының қатарын жаңа, әлеуетті донорлармен толықтыру мақсатында «Әр тамшы қандағы өмір» акциясы аясында бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында облыстық қан орталығында донорлық акция өтті. Бұл акцияның мақсаты – ГДЖ донорларының қатарына қосылу үшін шығысқазақстандықтарды тарту, осылайша ГДЖ донорларының Ұлттық тізілімін жаңа әлеуетті құтқарушылармен толықтыру. Бұл күні ШҚО-ның 35 тұрғыны ГДЖ донорларының қатарына қосылды! Олардың асыл рухани серпіні азаматтарымыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз!
ГДЖ донорлар тізіліміне қосылған донорлар бүгін қан орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Қанның дің жасушаларының донорлығы – ауыр қан ауруларымен ауыратын адамдарға сауығу мүмкіндігін берудің бірегей мүмкіндігі. Біз осы саналы қадамға барғандардың барлығын мақтан тұтамыз! Әрқайсымыз көмектесе алатынымызды есте сақтаңыз – тек бірінші қадамды жасаңыз. Донорлық қозғалысқа қосылыңыз және үміт сыйлаңыз!