Дәрігерлер – донорлар: Шексіз көмек

Дәрігерлер – донорлар: Шексіз көмек

2025 жылғы 12 ақпанда «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері тағы да өмірді құтқару-олардың борышы екендігін дәлелдеді. Алайда бұл жолы өздерің ақ халаттағы дәрігерлер ретінде емес, өтеусіз ерікті түрде қан тапсыратын донорлардың қатарынан көрсете білді. Олардың әрқайсысы донорлық қан апаттардан зардап шеккен және шұғыл қан құюды қажет ететін ауыр сырқаттары бар науқастардың қалпына келу мүмкіндігі екенін жақсы түсінеді. Ал бүгін олар өз жұмыстарын орындап қана қоймай, одан да көп жұмыс жасады – мұқтаж жандарға үміт сыйлады.

Әріптестерімізге қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз! Мүмкін олардың жасап жатқан игі істері сізді де жақсы іс жасауға шабыттандырады. Қан тапсыру оңай, қауіпсіз және өте маңызды! Осы құнды үлес үшін рахмет! Олардың үлгісі бәріне шабыт берсін. Донор болу- құтқарылған өмірдің бір бөлшегіне айналу.

 

Донор күні!(RU) 12.02.2025 день рождения Горенко Н.В.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33