Бүгінгі «Өмір тамшысы» айдарының кейіпкері Жұмабай Тахир Жұмабайұлы: медицина қызметкері, қан және оның компоненттерінің доноры

Бүгінгі «Өмір тамшысы» айдарының кейіпкері Жұмабай Тахир Жұмабайұлы: медицина қызметкері, қан және оның компоненттерінің доноры

Бүгінгі «Өмір тамшысы» айдарының кейіпкері Жұмабай Тахир Жұмабайұлы: медицина қызметкері, қан және оның компоненттерінің доноры. Тахир Жұмабайұлы 2015 жылдан бастап қан және оның компоненттерін үнемі тапсырып, өмірді сақтап қалуға көмектеседі. «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК медицина қызметкері бола отырып, ол пациенттер үшін қан құюдың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Оның әрбір донорлық сапары көмек күтетіндер үшін: апаттардан зардап шеккендер, онкологиялық науқастар, босанатын әйелдер және т.б. мүмкіндік болып табылады. Біз Тахир Жұмабайұлына жанқиярлық көмегі, жауапкершілігі және өмірді құтқару ісіне қосқан игілікті ісі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің жасаған жақсылығыңыз алдыңыздан шықсын. Донорлық – бұл жай ғана игі іс емес, адамдардың өмірі мен денсаулығына саналы үлес қосу. Сіздің еңбегіңіз бен кең пейілді жүрегіңіз үшін рахмет! Донорлық қозғалысқа қосылыңыз – мүмкін сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін!

(RU) 17 февраля отмечается Всемирный день проявления доброты, который берет своё начало в США и в настоящее время обретает популярность во всем миреШҚО әкімінің аппараты қан құюға мұқтаж пациенттерді қолдау үшін Донорлық күн өткізді 2025 жылғы 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында ШҚО әкімдігінің қызметкерлері ұйымдастырған донорлық күн өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33