«Жусан банк» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті! 2025 жылдың 26 ақпанында «Жусан банк» АҚ Өскемен филиалында алғаш рет «Донор бол-өмірді сақта!» атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті
«Жусан банк» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті! 2025 жылдың 26 ақпанында «Жусан банк» АҚ Өскемен филиалында алғаш рет «Донор бол-өмірді сақта!» атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті. Бұл күні өтеусіз ерікті донорлық сияқты қайырымдылық акциясын қолдауға банктің ____ астам мамандары жауап берді. «Біз донорлықты, әдетте, апаттар немесе қайғылы оқиғалар кезінде ғана еске аламыз. Алайда қайғылы оқиғалардан басқа, күн сайын жол көлік апаттары болатынын, онкологиялық аурулар дамитынын, хирургтардың операция жасайтынын ұмытпауымыз керек. Бірде-бір адам ертең оған немесе оның жақындарына донорлық қан қажет емес деп сенімді түрде айта алмайды. Сондықтан біз бәріміз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек!»- деп атап өтті «Жусан банк» АҚ Өскемен филиалының директоры Ольга Федоренко. Акцияның барлық қатысушыларына жауапкершіліктері мен жасап жатқан игі істері үшін алғысымызды білдіреміз!