Өмір күзетінде әскери полиция: донорлық қайырымдылық дәстүр ретінде
Бүгін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да маңызды оқиға – әскери полиция қызметкерлері қан тапсыруға және оған мұқтаж адамдарға көмектесуге келді. Әскери полиция ерікті өтеусіз донорлық іс-шараларға тұрақты негізде қатысатынын атап өткен жөн. Пациенттердің өмірін сақтау олардың әрқайсысы үшін өте маңызды, өйткені донорлық олардың жан айқайына айналған бұрыннан таныс нәрсе. Осы қайырымдылық миссияға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздердің үлгі боларлық игі істеріңіз басқаларды донорлық қозғалысқа қосылуға шабыттандырсын. Өйткені, әрбір донор – өмірді сақтауға қабілеті бар батыр.