Нағыз батырлардың донорлық күні!

Нағыз батырлардың донорлық күні!

5 маусымда Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан
облысы полиция департаментінің қызметкерлері донорлық күн өткізді. Олар: халыққа
қызмет етуді – сөз бен, іспен ғана емес, мейірімді жүрекпен де көмектесу керек екенін
қай уақыт болсада дәлелдеді. Айта кету керек, ШҚО полицейлері тұрақты негізде қан
тапсырады, сол арқылы өмірді сақтап, қиын жағдайға тап болғандарды қолдайды.
Олардың адамгершілігі мен жауапкершілігі бәрімізге үлгі.
Полиция – біздің тірегіміз және қорғанысымыз. Осы мереке күні біз сіздердің
қызметтеріңіз, адалдықтарыңыз және немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз үшін шын
жүректен алғыс білдіреміз! Қазақстан Полициясы күні құтты болсын! Сіздердің

жұмыстарыңыз қауіпсіз және жүректеріңіз мақтаныш пен құрметке толы болсын

Нағыз батырлардың донорлық күні!Донорлардықолдау үшін

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33