Донорлық эстафета жалғасуда!
ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен кейін ШҚО ҚАЖК №17 мекемесінің қызметкерлері қан тапсыру бойынша жақсы бастама көтерді.
Мекеме қызметкерлері донорлық акцияға қатысып, нағыз азаматтық жауапкершілік танытты. Әрбір донор — бұл қазір көмекке мұқтаж адамдар үшін өмір сүру мүмкіндігі. Мұндай акциялар өмірді сақтап қана қоймай, адамдарды жақсылық, мейірімділік және өзара көмек идеясына біріктіреді.
Донарлық акциядан көрініс
Барлық қатысушыларға жауапкершілік пен немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! Сіздер біздің заманымыздың нағыз батырларысыздар!