Бүгін облыстық қан орталығында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Тіл-рухани байлық» атты іс-шара өткізілді
Іс-шараға қан орталығының қызметкерлері қатысып, өлең-жырларымен бөлісті.
Бастапқыда бұл мереке 22 қыркүйекте аталып өтетін. Ал «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес, мереке 5 қыркүйекке – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне бекітілді.
Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Біздің көпұлтты еліміз үшін бұл күн ерекше маңызға ие. Оның басты мәні – бейбітшілік пен келісімде 124-тен аса ұлт пен ұлыс өмір сүретін республикамыздың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың мемлекеттік тілге, қазақ және басқа да халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауын қалыптастыру.
Барша қазақстандықтарды Қазақстан халықтарының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!