Қан топтарының мұрагері

Қан топтарының мұрагері

Қанның әртүрлі топтарда болатынын бәрі біледі, бірақ бұл нені білдіретінін көпшілік біле бермейді.

Қанның екі негізгі жүйесі бар:

  • АВО жүйесі
  • Резус жүйесі

Қан тобы осы жүйелер бойынша эритроциттердің бетінде А, В, D антигендерінің болуымен немесе болмауымен анықталады.

Неліктен сізде дәл осындай қан тобы бар?
Қан тобы – бұл медициналық картадағы белгі ғана емес, ол генетикалық мұраның нәтижесі.

Қан топтарының тұқым қуалауы

Қан топтары генетика заңдарына сәйкес тұқым қуалайды. Бала әр ата-анадан бір аллель (тұқым қуалайтын фактор) алады. Қандай қан тобы болатыны АВО жүйесі мен резус факторы гендерінің тіркесіміне байланысты.

АВО жүйесінде үш аллель түрі бар:

  • А, В және О

Олардың тіркесімдері:

  • А + О → қан тобы А (II)
  • В + О → қан тобы В (III)
  • А + В → қан тобы АВ (IV)
  • О + О → қан тобы О (I)

Генотип пен фенотип

Ата-анадан берілген екі аллель баланың генотипін құрайды. Генотип – бұл балаларымызға беретін генетикалық код.

Доминантты гендер – белгі міндетті түрде пайда болады (фенотипті анықтайды).

Рецессивті гендер – белгі сырттай көрінбейді, бірақ бала тасымалдаушы болып, оны ұрпағына бере алады.

Осыған сәйкес, қан тобы да гендердің үстемдігіне байланысты тұқым қуалайды:

  • А және В – доминантты,
  • О – рецессивті.

Мысалдар:

Егер бала В (III) аллелін бір ата-анадан, ал О (I) аллелін екіншісінен алса, қан тобы В (III) болады.

  • А (II) аллелі де О (I)-ден басым келеді.
  • А (II) және В (III) бірге болса – қан тобы АВ (IV).
  • Егер анасы В (III) (тасымалдаушы О), әкесі А (II) (тасымалдаушы О) болса, баланың қан тобы О (I) болуы мүмкін.
  • Егер ата-ананың екеуінде де О (I) болса, бала тек О (I) қан тобына ие болады.

Резус факторы

Резус факторы да Мендель заңдарына сәйкес тұқым қуалайды:

  • Резус-оң ген (D) – доминантты.
  • Ата-ананың екеуі де резус-оң болса да, балада резус-теріс болуы мүмкін (егер екеуі де «d» аллелін тасымалдаушы болса).
  • Ал егер екеуі де резус-теріс болса, бала міндетті түрде резус-теріс болады.

Есте сақтаңыз:

  • Қан тобы – тұқым қуалайтын және табиғи жағдайда өмір бойы өзгермейтін белгі.
  • Қан тобы ұрық дамуының ерте кезеңінде қалыптасады.
  • Қан тобы нәсілге, жынысқа, жасқа байланысты емес.

Әрбір қан тобы ерекше және құнды.
Әрбір донация – өмірге мүмкіндік.
Донор, сіздің қамқорлығыңыз бен баға жетпес үлесіңіз үшін рахмет!

16 және 17 қыркүйекте облыстық қан орталығында халықаралық гемопоэздік дің жасушалары доноры күніне (ГДЖ) арналған жыл сайынғы донорлық күндер – ерекше, мағыналы және үмітке толы акция өттіҚҰРМЕТТІ ШЫҒЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! A (II) теріс резусты қан тобының донорларын донацияға шақырамыз Бүгін сағат 08:30 дан 13:00-ге дейін қан тапсыруға ниет білдіргендердің барлығын күтеміз Мекенжайымыз: ЖМК, Көкжал Барақ кө-сі,11. Автобус: 26, 17, 43а, 260 және 46

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33