2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?

2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?

2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. (@msqory_shqo) Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.

🔹Жұмыс берушілердің аударымдары – қызметкер табысының 3%-ы
Ең жоғары табыс – 40 ЕТЖ (2026 жылы ол 3 400 000 теңгені құрайды)
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін

🔹Қызметкерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы
Ең жоғары табыс – 20 ЕТЖ немесе 1 700 000 теңге
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін

🔹Жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – айына 5 950 теңге (1,4 ЕТЖ 5%)

🔹Дербес төлеушілердің жарналары – айына 4 250 теңге (ЕТЖ 5%)

Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге

💳 МӘМС жарналарын төлеу жолдары:
* «Қазпошта» АҚ кассаларында
* екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
* төлем терминалдары арқылы

🛡️ МӘМС – күтпеген медициналық шығыннан қорғайды. Ертеңіңізге сенімді болыңыз!

«ШҚО азаматтарына арналған үкімет» МК КЕАҚ-да донорлық күн«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ-де 9, 10 және 11 сынып оқушылары үшін қан донорлығына арналған маңызды және танымдық дәріс өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33