04 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында мейірімді жүректі, жауапкершілігі жоғары жандарды біріктірген Донорлық күн өтті.

04 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында мейірімді жүректі, жауапкершілігі жоғары жандарды біріктірген Донорлық күн өтті.

Бұл күні қан тапсыруға хирургтер, медбикелер, анестезиологтар, кардиологтар,
офтальмологтар, оториноларингологтар
бір сөзбен айтқанда, облыстық
аурухананың барлық медициналық қызметкерлері қатысты. Ақ халатты абзал жандар
өз миссиясының тек операциялық бөлмелер мен палаталарда ғана емес, жеке үлгісі
арқылы да адам өмірін сақтап қалу екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Әсіресе дәрігерлерге бастаманы қолдап, ортақ іске өз үлесін қосу үшін келген
қаламыздың бейжай қарамайтын тұрғындарының қосылғаны аса құнды болды.
Донор күні бірлік пен адамгершіліктің, жақынға деген жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды. Бұл күнді шын мәнінде маңызды еткен әрбір жанға шексіз алғыс
білдіреміз!

«Алғыс» айдары(RU) С днём рождения @svetlana_09021968 !

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33