Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасынан кейін игі бастаманы «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері жалғастырып, өз мекемесінде донорлық күн ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасынан кейін игі бастаманы «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері жалғастырып, өз мекемесінде донорлық күн ұйымдастырды

Дәл осы жерде донорлық қанның қаншалықты маңызды екені ерекше сезіледі. Бұл аурухананың қызметкерлері күн сайын баласына шұғыл көмек қажет болған ата-аналардың жанарындағы мұң мен алаңдаушылықты көреді. Дәл осы жерде жаңа өмір дүниеге келеді — сәбидің алғашқы үні естіледі. Осындай сәтте тек қуаныш қана болуы тиіс сияқты…

Алайда кей жағдайларда дәл осы Ана мен бала орталығының дәрігерлері ең ауыр хабарды: босанудан кейін ананың жағдайы күрт нашарлап, оған шұғыл түрде қан құю қажет екенін, әрбір минуттың қымбат екенін айтып жеткізеді.

Мұны есеп пен статистикадан емес, нақты адамдардың тағдырынан көргенде, донорлық жай ғана «акция» болудан қалады. Ол әркімнің жеке таңдауы мен шынайы миссиясына айналады.

Сол күні Ана мен бала орталығының медицина қызметкерлері өздері донорлық креслоларға отырып, адам өмірін құтқару олардың тек мамандығы ғана емес, жүрек қалауы екенін дәлелдеді. Олар әрбір тамшы қанның қадірін біледі және оның қорқыныш пен үміттің, шарасыздық пен бақыттың арасындағы шекараға айналуы мүмкін екенін терең түсінеді.

Олардың үлгісі — баршамызға арналған үндеу: қан донорлығы — қолымыздағы ең қымбат құндылыққа қосқан үлес. Өмірге, Ана болу бақытына. Балаларымыздың болашағына.

Ана мен бала орталығының медицина қызметкерлеріне мейірімділіктеріңіз, адамгершіліктеріңіз және ең қиын сәтте жанымыздан табыла білетіндеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Донорлық — бұл жанашырлық туралы! Жауапкершілік туралы! Өмір туралы!

Қайырымдылық эстафетасы жалғасудаБүгін ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Өскемен қаласының медициналық ұйымдарының басшылары өтеусіз донорлар қатарына қосылу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33