Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда

Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда

Өскемен жоғары медициналық колледжінен кейін қайырымдылық эстафетасын белсенді
жастардың тағы бір тобы жалғастырды. С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жастар орталығының
студенттері облыстық қан орталығына келді.
12 ақпанда олар жай қонақ болып қана келген жоқ – өмір үшін, бүгін көмекке аса мұқтаж адамдарға қол ұшын беру мақсатында қан тапсыруға келді.
Бұл жастардың жүрегінде үлкен жауапкершілік сезімі, шын жүректен пайдалы болуға
ұмтылыс және бейтаныс адамға көмек қолын созуға дайындық бар. Кейбірі үшін бұл күн алғашқы
донорлық тәжірибе болса, барлығы үшін маңызды, мән-мағынаға және адамгершілікке толы қадам болды.
Құрметті студенттер, батылдықтарыңыз, саналы таңдауларыңыз және ізгі істеріңіз үшін
алғыс айтамыз. Міне, осындай қадамдардан шынайы азаматтық ұстаным мен адамдарға деген үлкен махаббат жолы басталады. Бүгін көрсеткен ізгіліктеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!

Біздің донорымыз- Рахимов Бауыржан Ержанұлының туған күні!Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасынан кейін игі бастаманы «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері жалғастырып, өз мекемесінде донорлық күн ұйымдастырды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33