Біздің тірегіміз. Біздің қолдауымыз. Біздің донорлар.

Бүгін Облыстық қан орталығына біздің еріктілеріміз – тірегіміз бен қолдауымыз,
сондай-ақ сенімді серіктесіміз – ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалының
қызметкерлері келді.
Филиал директоры Касенова Шолпан Советбекқызының жетекшілігімен
еріктілер қан тапсырып, игі істі сөзбен емес, нақты әрекетпен дәлелденетінін
көрсетті. Бүгін әрбір донор адам өмірін құтқару жолындағы үлкен істің бір бөлігіне
айналды.
ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы көптеген жылдар бойы Шығыс
Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын белсенді қолдайтынын, жүйелі
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін және өзінің үлгісімен көптеген
адамдарды мейірімді, саналы және өмірлік маңызды іс-әрекеттерге
шабыттандыратынын ерекше атап өткіміз келеді.
Жүректеріңіздің кеңдігі, бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарыңыз және
адамгершілік
құндылықтарға деген
адалдықтарыңыз
үшін шынайы
ризашылығымызды білдіреміз. Бірге біз әлемді жақсылыққа толтырамыз.

