Бүгін ALTAI телеарнасындағы «Алтай таны» телебағдарламасында донорларды іріктеу бөлімінің меңгерушісі Сарсенбаева Әлия сөз сөйледі.

Бүгін ALTAI телеарнасындағы «Алтай таны» телебағдарламасында донорларды іріктеу бөлімінің меңгерушісі Сарсенбаева Әлия сөз сөйледі.

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасында өтеусіз қан донорлығын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Әлия Мағашевна ерікті түрде қан тапсыру — тек игі іс қана емес, біреудің өмірін сақтап қалудың нақты мүмкіндігі екенін атап өтті. Күн сайын операциядан кейінгі науқастар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер, босануы күрделі өткен әйелдер және онкогематологиялық ауруларға шалдыққан адамдар донорлық қанға мұқтаж.
Сондай-ақ тұрақты донорлықтың маңызына, саналы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға және жаңа донорларды тартудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Өтеусіз донорлық — бұл азаматтық жауапкершіліктің, ынтымақтастықтың және адамгершіліктің көрінісі.
Денсаулығында қарсы көрсетілімі жоқ барлық азаматтарды донорлық қозғалысқа қосылуға шақырамыз. Бір рет қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін сақтап қалуға болады.
Донорлық — оңай.
Донорлық — маңызды.
Донорлық — өмір.

”Алғыс айтамын” Айдары

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33