Донорлық бағдаршам
Донорлық қан міндетті түрде реципиент-пациенттің қанымен үйлесімді
болуы тиіс, өйткені қан құю науқасты құтқарудың орнына оның өміріне қауіп
төндіруі мүмкін. Ең алдымен үйлесімділік қанның АВО жүйесі бойынша
тобына қарай тексеріледі. Бұл жүйеде төрт топ бар: бірінші топ – О, екінші
-А, үшінші – В, төртінші – АВ. Ең кең таралған қан топтары – бірінші
және екінші, ал ең сирек кездесетіні – төртінші топ. Қанның тағы бір маңызды сипаттамасы – резус-фактор (Rh). Қан құю кезінде резус-оң
донордың қанын резус-теріс реципиентке құюға болмайды. Бұл өте қауіпті, себебі резус-қақтығыстың (эритроциттердің бұзылуынын) дамуына әкелуі
мүмкін.
Қан орталығының сайтында және басқа да интернет- ресурстарында
өңіріміздегі реципиенттерге/пациенттерге қандай қан қажет екені туралы
ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады – бұл «Донорлық бағдаршам»
деп аталады. «Донорлық бағдаршам» үш түстен тұрады – қызыл, сары,
жасыл. Қызыл түс донорлық қанға шұғыл қажеттілікті білдіреді, сары
салыстырмалы қажеттілікті, ал жасыл – қажеттілік жоқ екенін көрсетеді,
яғни қан орталығына баруды уақытша кейінге қалдыруға болады.
Құрметті донорлар, донорларды қабылдау және қан компоненттерін
дайындау медициналық ұйымдардың нақты қажеттілігіне сәйкес
жүргізілетінін естеріңізге саламыз. Сондықтан қан орталығына бармас
бұрын, біздің «Донорлық бағдаршамды» қарап шығуды ұсынамыз.
Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің
жанашырлықтарыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың
арқасында киын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіліп, олардың
өміріне үміт сыйлайсыздар.


