Бүгін біз тұрақты донорымыз Касенов Жарқын Болатбекұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің кең пейіліңіз, мейірімді жүрегіңіз және адамдарға көмектесуге деген дайындық — нағыз адамгершілік пен жанашырлықтың үлгісі. Сіздің тұрақты донорлық жолыңыздың арқасында көптеген жандар өмірге тағы бір мүмкіндік алып, жақындарының жанында болуға үміт табуда.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке және барлық армандарыңыздың орындалуын тілейміз! Адамдарға жасаған әрбір жақсылығыңыз өзіңізге еселеніп қайтсын!
Өмір сыйлауға қосып жүрген баға жетпес үлесіңіз үшін алғысымыз шексіз!
Туған күніңіз құтты болсын!


