Бүгін, 2026 жылғы 29 сәуірде, «Шығыс жылу» АҚ-да ұзақ уақыттан кейін көпшілік күткен шара, алғаш рет Донор күні өтті
Таңғы уақыттан бастап ұжымда бірлік пен жауапкершіліктің ерекше
атмосферасы сезілді. Кәсіпорын қызметкерлері донорлық қанға зәру жандарға көмек
көрсету мүмкіндігін белсенді қолдады, өйткені әрбір донацияның артында бір адамның аман қалған өмірі тұр.
Әсіресе, осындай корпоративтік бастамалар мен игі миссиялардың қайта
жаңғыруы донорлық қозғалыстың дамуына ғана емес, ұжымды шынайы түрде
біріктіруге де ықпал етеді. Ортақ ізгі мақсат адамдарды жақындастырып, өзара көмек
мәдениетін қалыптастырады және командалық рухты нығайтады.
Көптеген қатысушылар үшін бұл күн жай ғана қан тапсыру мүмкіндігі емес, сонымен қатар өмірді құтқару секілді маңызды әрі ауқымды іске саналы түрде қадам
жасау болды.
«Шығыс жылу» АҚ-ы: бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – жай сөз емес- нақты іс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай бастамалардан үлкен игіліктің
бастауы қалыптасады. Донор күніне қатысқан барлық азаматтарға шын жүректен
алғыс білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілейміз!

