АИТВ- на қарсы бірге
2025 жылғы 29 сәуірде, 2026 жылға арналған донорлар арасында
АИТВ ифекциясының алдын алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары
негізінде, донорларды медициналық тексеруден өткізу және донорлық қан
үлгілерін АИТВ жұқпасы маркерлеріне зертханалық зерттеу мәселелері
бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында ШҚ
ОҚО-на мониторингтік сапармен ШҚО ЖИТС-ның алдын алу және оған
қарсы күрес орталығының (бұдан әрі – ШҚО ЖИТС орталығы) мамандары
эпидемиолог ТМ.Башкирцева, инфекционист дәрігер Г.В.Волкова,
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.К.Жарылғасынова келді.
Сапар барысында мамандар барлық өндірістік процестермен – тіркеу
бөлімінің жұмысынан бастап қан компоненттерін беру кезеңіне дейін
танысты. Сондай-ақ олар апаттық жағдайлар туындаған кезде АИТВ-
жұқпасына жедел тестілеу жүргізу бойынша зертхананың тәжірибелік
жұмысын бақылады.
Кейін ШҚО ЖИТС орталығының мамандары қан орталығының
медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Семинар
барысында 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың 1 тоқсаны
бойынша ШҚО мен ҚР-дағы АИТВ- жұқпасы бойынша эпидемиологиялық
жағдай ұсынылды. Сондай-ақ донорларды зертханалық кезеңге дейін мұқият іріктеу, эпидемиологиялық анамнезді сапалы жинау, халықтың осал
топтарына жататын тұлғаларды донорлыққа жібермеу, АИТВ-жұқпасының
алдын алу, апаттық жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимыл
алгоритмдері және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Семинар соңында қан орталығының директоры мекемеде
шығарылатын қан компоненттерінің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар кешені туралы баяндады.
ШҚО ЖИТС орталығының ұжымына көпжылдық ынтымақтастығы
мен мамандарының жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғысымызды білдіреміз.

