Қан орталығының қызметкерлері тамырлары жіңішке (кішкентай, нәзік) адамдардан қан мен оның компоненттерін алуға бас тартады, себебі «нашар тамырлар» дейді

Қан орталығының қызметкерлері тамырлары жіңішке (кішкентай, нәзік) адамдардан қан мен оның компоненттерін алуға бас тартады, себебі «нашар тамырлар» дейді

Жіңішке тамырлар көбінесе дененің физиологиялық ерекшелігі болып
табылады, оның себептері: қартаю (егде жастағы адамдарда жиі кездеседі),
дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану (кортикостероидтар), ультрафиолет,
антикоагулянттарды қолдану, тұқым қуалаушылық, көктамыр ішіне есірткіні
қолдану, құрғақ тері және т.б. болуы мүмкін. Жоғарғы қол-аяқтың веноздық
жүйесінің анатомиялық құрылымы өте өзгермелі. Беткі тамырлар
тармақталған құрылымға ие және диаметрі кішірек болуы мүмкін.
Донорлық қан алу кезінде әдеттегі көктамыр ішіне енгізуге қарағанда
үлкен калибрлі инелер қолданылады, осыған байланысты тамырлардың
зақымдану қаупі бар. Сондықтан анатомиялық жұқа тамырлары бар
адамдарда қан тапсыру процедурасы қажет емес.
Құрметті донорлар, бізге күн сайын қан қажет, бірақ бірінші кезекте біз сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаймыз. Денсаулығыңызды
сақтаңыз!

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде қан донорлығы туралы дәрісАбай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжіндегі Донор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33