Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжіндегі Донор күні

Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжіндегі Донор күні

Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжінде
Донор күні өтті – бұл студенттер мен колледж басшылығын ортақ мақсатқа, яғни
донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге жұмылдырған маңызды әрі
тағылымы мол шара болды.
Оқу орнының басшылығы мен студенттері бұл игі бастаманы белсенді түрде қолдап, жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісін танытуда.
Олардың көпшілігі донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысып, әрбір қан
тапсырудың адам өміріне араша бола алатынын жақсы түсінеді.
Бұл күні акцияға қатысушылар адам өміріне араша болуды мақсат етіп, ізгілікке
толы маңызды таңдау жасады. Шара барысында достық пен қолдаудың ерекше
атмосферасы қалыптасып, көпшілік тарапынан кайырымдылық пен мейірімге деген
шынайы ықылас байқалды.
Осындай игі бастамалар жастар арасында донорлық мәдениетті қалыптастырып,
көмек көрсету әр адамның қолынан келетінін дәлелдейді.
Колледж ұжымына және студенттеріне белсенді ұстанымы, жанашырлығы мен
ортақ игі іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Қан орталығының қызметкерлері тамырлары жіңішке (кішкентай, нәзік) адамдардан қан мен оның компоненттерін алуға бас тартады, себебі «нашар тамырлар» дейдіОтбасы – жер бетіндегі ең жылы мекен

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33