Донорлық және қан қысымы: қан тапсырар алдында нені білу маңызды

Донорлық және қан қысымы: қан тапсырар алдында нені білу маңызды

17 мамырда артериялық гипертензиямен (қан қысымының тұрақты жоғарылауы) күрестің
Дүниежүзілік күні аталып өтеді. Бұл күн қан қысымын тұрақты бақылаудың және өз
денсаулығыңызға мұқият қараудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Артериялық гипертензия көбінесе байқалмай дамиды. Ұзақ уақыт бойы адам айқын
белгілерді сезбеуі мүмкін, алайда қан қысымының жоғарылауы жүрекке, қан
тамырларына, миға және бүйрекке түсетін жүктемені біртіндеп арттырады. Сондықтан қан
қысымын тұрақты өлшеу – алдын алу мен денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2025
жылдың қорытындысы бойынша артериялық гипертензия қан айналым жүйесі аурулары
құрылымында 47,7%-ды құрайды. Бұл деректер ауруды ерте анықтаудың және денсаулық
жағдайын тұрақты бақылаудың маңыздылығын айқындайды.
Қан донорлары үшін артериялық қысымды бақылау ерекше маңызға ие. Әрбір донация
алдында қан орталығының дәрігерлері міндетті түрде медициналық тексеру жүргізеді:
артериялық қысымды өлшейді, пульстің ырғақтылығы мен жиілігін анықтайды, сондай-ақ
донордың жалпы денсаулық жағдайы мен әл-ауқатын бағалайды.
Қан мен оның компоненттерін донорлықтан тұрақты түрде шеттету критерийлерінде
келесі тармақ бар: қан айналым жүйесінің аурулары кезінде – гипертониялық аурудың ІІ-
III дәрежесінде донорлыққа рұқсат етілмейді.
Егер артериялық қысымды өлшеу кезінде жоғарғы көрсеткіш 180 мм сынап бағанасынан
жоғары немесе төменгі көрсеткіш 100 мм сынап бағанасынан жоғары болса, донорға қан
қысымы қалыпқа келгенге дейін донациядан уақытша медициналық шектеу беріледі.
Бұл қан қысымының жоғары болуы донорлыққа өмір бойы қарсы көрсетілім емес екенін
білдіреді. Көрсеткіштер қалыпқа келгеннен кейін және денсаулық жағдайы жақсы болған
жағдайда, донацияға жіберу мәселесін дәрігер қайталама тексеру кезінде шешеді.
Артериялық кысымды тұрақты өлшеу, толыққанды демалыс, жеткілікті мөлшерде
сұйықтық ішу, орташа дене белсенділігі және дәрігердің ұсыныстарын сақтау жақсы көңіл -күйді сақтауға және донорлықты жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге
көмектеседі.
Донорлық – бұл жауапты шешім және күн сайын қан компоненттеріне мұқтаж
науқастарға көрсетілетін нақты көмек. Өз денсаулығыңды күту – осы көмектің маңызды
бөлігі болып табылады.

Құрметті шығысқазақстандықтар!Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33