Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Бүгінде өңірде облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын және «Қазақстан
болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «Шығыс
Қазақстан облысы тұрғындарының салауатты өмір салтын өтеусіз қан және оның
компоненттері донорлығын дамыту арқылы қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысы іске асырылуда.
Осы бастама аясында №60, 46, 46А, 6, 6Б, 356, 3 және 13А бағытындағы
автобустарда қан донорлығы туралы ақпараттық хабарландырулар орналастырылды.
Күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарының мыңдағаны қан құюға мұқтаж
жандарға бір ерікті қадамның өмір сыйлай алатыны туралы маңызды ақпаратпен
таныса алады.
Донорлықты насихаттау – бұл жай ғана ақпараттық жұмыс емес. Бұл өзара көмек, мейірімділік және қоғам денсаулығына жауапкершілік мәдениетін
қалыптастыру. Әрбір донор – бейбіт күннің нағыз батыры. Олардың қаны
операциядан кейін, ауыр дерттерге шалдыққанда, жарақат алған кезде және төтенше
жағдайларда науқастардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында донорлық қозғалыстың дамуына қолдау
көрсетіп жүрген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз және өңір тұрғындарын
өтеусіз донорлар қатарына қосылуға шақырамыз. Бәлкім, дәл сіздің қаныңыз бір күні
біреуге сауығуға және өмір сүруге үміт сыйлар.


