Құрметті донорымыз Курманбаев Серик Муратович!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің мейіріміңіз бен адам өміріне деген жанашырлығыңыз — көптеген жандарға үміт сыйлап, өмірін сақтап қалуға себеп болып келеді. Донорлық жолындағы әрбір игі ісіңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс және өміріңізге мол бақыт тілейміз! Әр күніңіз қуанышқа, жақсылыққа және жарқын сәттерге толы болсын.
Адамдарға жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеніп қайтсын!

