ШҚО-дағы «Alatay City Bank» АҚ филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізілді

ШҚО-дағы «Alatay City Bank» АҚ филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі
маманы Мира Мустафина банк қызметкерлеріне тұрақты донорлықтың маңыздылығы, донор
бола алатын адамдар, қан тапсыру рәсімінің қалай өтетіні және әрбір донорлықтың бір адамның
өмірін сақтап қалудағы рөлі туралы айтып берді.
Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, тақырыпқа шынайы
қызығушылық танытты және қоғамда донорлық мәдениетін дамытудың маңыздылығын атап
өтті. Мұндай дәрістер адамдарға қан донорлығы туралы көбірек білуге және донор болу
ерекше мұқтаж жандарға үміт пен өмір сүруге мүмкіндік сыйлау екенін түсінуге көмектеседі.
«Alatay City Bank» АҚ ШҚО филиалының ұжымына жылы қабылдауы, донорлық
тақырыбына деген ықыласы және адам өміріне бейжай қарамайтындықтары үшін шынайы
алғысымызды білдіреміз!

Құрметті Қазақстан полициясының қызметкерлері!Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күнделікті еңбегі пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жандарға арналған салтанатты іс-шара өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33