Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күнделікті еңбегі пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жандарға арналған салтанатты іс-шара өтті

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күнделікті еңбегі пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жандарға арналған салтанатты іс-шара өтті

Осы мерекелі күні орталық мамандарына кәсіби біліктілігі, ұзақ жылдар бойғы
тиянақты еңбегі, өз мамандығына адалдығы және аймақтағы қан қызметінің дамуына
қосқан зор үлесі үшін құрмет көрсетілді.
ШҚО әкімі атынан Алғыс хатпен У.С.Тлеушева марапатталды. Шығыс
Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен
Г.Г.Ережепова, А.Е.Новолодская және Е.И.Стрыжкова марапатталды.
Орталық басшылығы әрбір қызметкерге жоғары біліктілік, мұқияттылық және
жанқиярлықты талап ететін жауапты еңбегі үшін шынайы алғыс білдірді. Шығыс
Қазақстан облыстық қан орталығының Құрмет грамоталарымен: Ф.Ш.Құдайбергенова,
Г.К.Қайрақбаев, А.К.Мантиянова, Г.Е.Муканова, Д.Х., Д.Х.Угушева, И.Н.Умурбекова,
К.П.Мухаметкалиева, М.М.Слямғазин, Н.В.Собуляк және С.Б.Абишов
марапатталды. Алғыс хаттармен: Т.И.Шашкина, И.В.Суслова, А.Е.Кожахметова,
М.С.Мунусова, Е.Т.Мұхаметжанов және Қ.М.Кабдрахманова марапатталды.
Шығыс Қазақстан денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету
қызметкерлерінің «AQNIET» кәсіподағы атынан денсаулық сақтау жүйесіндегі адал
еңбегі үшін М.А.Мустафина, Д.А.Каранов, М.Т.Молдакусманов, К.А.Куркина,
Г.Г.Азбергенова және А.А.Аришина марапатталды.
Мерекенің нағыз көркі қан орталығы қызметкерлерімен дайындалған концерттік
бағдарлама болды. Ұжым көрерменге жарқын театрландырылған қойылымдар
ұсынып, жылылық, бірлік және көтеріңкі көңіл күй атмосферасын қалыптастырды.
Салтанатты шараның ерекше сәті «Шығыс Қазақстан облыстық қан
орталығының «Құрметті қызметкері» төсбелгісін табыстау болды. Марапатты тапсыру
үшін 2015 жылғы 24 тамызда осы төсбелгіні бекіткен ШҚ ОҚО директоры Жигитаев
Хайрулла Туканович арнайы шақырылды. Биыл бұл жоғары марапатқа кәсіпорынның
алты қызметкері ие болды. Төсбелгі қан қызметі саласында кемінде 25 жыл еңбек
еткен қызметкерлерге беріледі. Марапатталған әрбір қызметкер туралы жеке
жарияланымда баяндалатын болады.
Құрметті әріптестер!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз тек кәсіби білім мен тәжірибені ғана емес,
сонымен қатар зор жауапкершілікті, төзімділікті және таңдаған істеріңізге адалдықты
талап етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында адамдардың өмірі сақталып,
мыңдаған науқас сауығуға мүмкіндік пен болашаққа деген үмітке ие болуда.
Алдағы Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге
мықты денсаулық, отбасылық амандық, бақыт, сарқылмас күш-қуат, жаңа кәсіби
жетістіктер және игі еңбектеріңіздің лайықты бағалануын тілейміз!

ШҚО-дағы «Alatay City Bank» АҚ филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізілдіБүгін «Alatay City Bank» АҚ-ның ШҚО филиалында алғаш рет Қан доноры күні өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33