Өмірді күн сайын құтқаратын жандар да донор бола алады
29 шілде күні «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі – АмБО)
кезекті Донор күні өтті. Аурухана қызметкерлері тағы да игі бастамаға қолдау
білдіріп, ерікті түрде қан тапсырып, дәл қазір көмекке аса мұқтаж жандарға үміт
сыйлады.
Күн сайын медицина қызметкерлері пациенттердің денсаулығы мен өмірі үшін
күреседі. Бірақ бұл күні олар тек білімі мен кәсіби шеберлігі арқылы ғана емес,
өздерінің бір бөлшегімен – қанымен бөлісу арқылы да көмек көрсетті. Олардың
тапсырған донорлық қаны қан компоненттерін құю аса қажет пациенттер үшін
сауығуға мүмкіндік сыйлайды.
Әсіресе, Ана мен бала орталығының көптеген қызметкерлерінің тұрақты донор
екендігі ерекше қуантады. Олар үшін донорлық – игі дәстүрге айналған әрі көмекке
мұқтаж жандардың жанынан тек жұмыс орнында ғана емес, одан тыс жерде де
табылуға деген саналы таңдаудың көрінісі.
Ана мен бала орталығы ұжымына жанашырлығы, мейірімділігі және әрдайым
көмек қолын созуға дайын екендігі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің өнегелі істеріңіз өзгелерге үлгі болып, жақсылықтың әрқашан адамның
өзінен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Бүгін тапсырылған әрбір қан дозасы біреуге жаңа таңды қарсы алуға.
жақындарына оралуына және қалыпты өмірге қайта келуге мүмкіндік сыйласына.
Барша донорларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Бірге өмірді сақтап,
жақсылық сыйлауды жалғастырайық!

