Халықаралық медбикелер күні қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК бас медбикесі Булгакова Наталья Васильевна жоғары қоғамдық марапат – «AQNIET» кәсіподағының «Құрметті кәсіподақ қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Халықаралық медбикелер күні қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК бас медбикесі Булгакова Наталья Васильевна жоғары қоғамдық марапат – «AQNIET» кәсіподағының «Құрметті кәсіподақ қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Кәсіби еңбек жолын Өскемен медициналық училищесін «фельдшер»
мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Кейін Сібір мемлекеттік медицина
университетін «Медбике ісі» мамандығы бойынша «Менеджер» біліктілігімен үздік
аяқтады. Ал 2026 жылы «Менеджмент» бағыты бойынша магистратураны бітірді.
Наталья Васильевна Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында 2009
жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның қатысуымен жаңа мұздатылған плазманы
карантиндік сақтау жүйесі енгізіліп, жабдықтарды таңбалау және қан
компоненттерін электрондық есепке алу жүйесі әзірленді, сондай-ақ «Инфодонор»
ақпараттық жүйесі меңгерілді. 2018 жылдан бастап бас медбике қызметін атқара
отырып, ол заманауи цифрлық технологияларды табысты енгізіп, мекеме
жұмысының ұйымдастырылуын жетілдіруге үлес қосып келеді және жас мамандарға
тәлімгерлік етеді.
Көп жылғы еңбегі үшін Наталья Васильевна Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау
басқармасының және кәсіпорын әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет
марапатталған. Сондай-ақ «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары біліктілік
санатына ие.
«AQNIET» кәсіподағының «Құрметті кәсіподақ қызметкері» төсбелгісі – көп
жылғы адал еңбегінің, жоғары кәсібилігінің, қоғамдық қызметке белсенді
қатысуының және қан орталығындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан
елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Көп жылдар бойы Наталья Васильевна кәсіподақ ұйымының жұмысына
белсенді қатысып, ұжымның бірлігін нығайтуға, қызметкерлерді қолдауға, мәдени,
спорттық және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
Сондай-ақ корпоративтік мәдениетті дамытуға және ұжымдық рухты нығайтуға
белсенді атсалысып келеді.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы Наталья Васильеваны
лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Оған зор денсаулық, отбасылық
амандық, сарқылмас күш-қуат, жаңа кәсіби жетістіктер және адамдарға игілік
жолындағы абыройлы еңбегінде толағай табыстар тілейді.

Қан тапсырып, өмірді сақтаңыз!Шын жүректен ардақты донорымыз Қанасов Дабыл Кабдыловичті туған күнімен құттықтаймыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33