ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында Донор күні өтеді
2026 жылғы 5 тамызда Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған медициналық орталығында Донор күні өтеді.
Қан донорлығына қарсы көрсетілімдері жоқ барлық қала тұрғындарын осы игі шараға қатысуға және адам өмірін сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
18 жасқа толған, салмағы 50 кг-нан кем емес, денсаулық жағдайы бойынша қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір әрекетке қабілетті азамат қан және оның компоненттерінің доноры бола алады.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келуіңіз қажет. Қан тапсырар алдында жеңіл таңғы ас ішу ұсынылады.
Донорларды қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:30-ға дейін (түскі үзіліссіз).
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 18.
Әрбір донация – біреудің өмірін сақтап қалуға берілген мүмкіндік. Бәлкім, дәл сіздің қаныңыз бір адамның өміріне үміт сыйлар.
Сіздерді Донор күніне шақырамыз! Өзгелерге көмек қолын созуды таңдаған әрбір азаматқа алғысымызды білдіреміз.

