«Heart Center Foundation» қоғамдық қорының подкастында біз денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыттардың бірі – трансплантология тақырыбын жалғастырып, оны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) тарапынан қарастырамыз.
Бүгінгі шығарылымның қонағы – ӘМСҚ-ның Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаментінің аға менеджері Иманғали Шапағат.
Әңгіме барысында қарастыратын сұрақтар:
— МӘМС жүйесі трансплантология саласында қандай рөл атқарады және қандай нәтижелерге қол жеткізілді;
— азаматтардың жарналары қайда жұмсалады, LVAD құрылғылары мен диализдік терапия қалай қаржыландырылады;
— бір трансплантация операциясының нақты құны, қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмекке жұмсалатын қаражат көлемі;
— МӘМС — барлық қатысушылардың ортақ жауапкершілік жүйесі: қаражат көздері, жарна төлейтін азаматтардың санаттары және 2026 жылға арналған жарналар мен аударымдардың мөлшері.
МӘМС жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білу – өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.
9 тамыз күні JÜREGIMNIÑ JEÑIMPAZY қайырымдылық жүгіру-фестивалі аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары фестиваль аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргі


