Жауапты таңдау – ел болашағына қосқан үлес
23 тамызда еліміздің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын
қосқан Құрылтай өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері дауыс беруге
қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын және қоғам өміріне деген жауапты
көзқарастарын білдірді.
Әрқайсымыз үшін осындай маңызды шараларға қатысу – өз пікірімізді білдіруге,
саналы таңдау жасауға және еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік.
Біз әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы Қазақстанның қуатты, әділетті
әрі өркендеген болашағын қалыптастыруға ықпал ететініне сенеміз!

