27943 әскери бөліміндегі Донор күндері

27943 әскери бөліміндегі Донор күндері

Ұзақ үзілістен кейін 2026 жылғы 25 және 26 тамызда 27943 әскери бөлімінде
қайтадан Донор күндері өткізілді.
Бұл күндері шекара қызметінің әскери қызметшілері донорлық акцияға қатысып,
қан мен оның компоненттерін құюды қажет ететін пациенттер үшін қан тапсырды.
Әскери қызметшілер үшін өзара көмек, жауапкершілік және қиын сәтте көмек
көрсетуге дайын болудың қаншалықты маңызды екені ерекше түсінікті. Олар
донорлық қанның күн сайын қажет екенін жақсы біледі: күрделі операциялар кезінде,
жарақаттарда, қан жоғалтқан жағдайда және түрлі ауруларды емдеу барысында.
Өз үлгілерімен әскери қызметшілер көмектің қарапайым болғанымен, маңызы
зор екенін көрсетіп отыр. Бір донация дәрігерлерге адам өмірін сақтап қалуға және
пациенттердің денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін үлкен жүйенің
маңызды бөлігіне айналуы мүмкін.
27943 әскери бөлімінің командирі подполковник Саткынов Жаннур Мейрамбековичке, .
27943 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы, медицина қызметінің аға лейтенанты Қозайдар Даулет Сайлауұлына донор күндерін өткізуге қосқан үлестері үшін алғысымыз шексіз. 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне донорлық акцияга қатысқаны,
жанашырлығы және өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін рахмет айтамыз. Бұл
игі дәстүр донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесу сияқты маңызды мақсат
төнірегінде адамдарды біріктіре берсін!
Донорлық – бұл жауапкершілік, өзара көмек және біреудің өмірін сақтап
қалудың нақты мүмкіндігі.

OLYMP DAY: өмір үшін бірге!ДОНОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ӨЗ ОҚИҒАҢМЕН БӨЛІС және қордың челленджіне қосыл!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33