Құрметті шығысқазақстандықтар!
АВ (IV) қан тобы, резус-оң (Rh+) донорларын қабылдау уақытша тоқтатылғанын ♀️ хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта аталған қан тобының қан компоненттері жеткілікті мөлшерде қорда бар.
Осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және қан топтарына деген қажеттілікті көрсететін «Донорлық бағдаршамды» тұрақты түрде бақылап отыруларыңызды өтінеміз.
❤️ Барлық донорларға жанашырлықтары, азаматтық белсенділіктері және адамдардың өмірін сақтап қалуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда Шығыс Қазақстан облысындағы науқастар үшін қажетті қан қоры тұрақты түрде қамтамасыз етілуде.
Жаңартылған ақпараттарды бақылап, сіздің қан тобыңызға қажеттілік туындаған кезде қан тапсыруға келіңіздер!


