Өмір сыйлаңыз: Дің жасушаларының доноры болыңыз!

Өмір сыйлаңыз: Дің жасушаларының доноры болыңыз!

Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары!

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы сіздерді гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) донорлары қатарына қосылып, ауыр қан ауруларымен күресіп жүрген жандарға өмір сүруге мүмкіндік сыйлауға шақырады.

Неліктен бұл маңызды?
Көптеген пациенттер үшін дің жасушаларын трансплантациялау — сауығудың жалғыз мүмкіндігі. Донорлар тізілімінде адам саны неғұрлым көп болса, сәйкес келетін донорды табу және адам өмін сақтап қалу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Кім донор бола алады?
Жасы: 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар;

Денсаулығы: жақсы, созылмалы аурулары жоқ адамдар;

Басты шарт: қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын болу.

Тізілімге қалай қосылуға болады?
Процедура өте қарапайым: сауалнаманы толтырып, зертханалық зерттеу жүргізу үшін бар-жоғы 1 пробирка қан (9 мл) тапсыру жеткілікті.

Өтетін орны мен уақыты
Күндері: 2026 жылғы 21 және 22 қыркүйек

Уақыты: сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 (Қан орталығы)

Қоғамдық көлік: № 17, 26, 43А, 46, 260 автобустар

Маңызды: өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатты алып келуді ұмытпаңыздар!

Тізілімге қосылған әрбір жаңа донор — жүздеген адам үшін үміт сәулесі. Акцияға қатысып, өз құтқарушысын күтіп жүрген жанға демеу болыңыздар!

Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – гемопоэздік дің жасушалары донорлары күні!Назар аударыңыздар! Маңызды ақпарат! “ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ” ШЖҚ КМК-НА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ҚАЖЕТТІ МАМАНДАР

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33