Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында көп қан жоғалтқан науқастың өмірі сақталып қалды

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында көп қан жоғалтқан науқастың өмірі сақталып қалды

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының қабылдау бөліміне ішкі қан кетумен науқас шұғыл түрде жеткізілді. Операция барысында хирургтер ішкі ағзалардың жыртылуын анықтады.

Хирургтердің, анестезиолог-реаниматологтардың, трансфузиология мамандарының кәсібилігі мен Қан орталығының қолдауының арқасында науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, реанимация бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

Науқасты медициналық орталыққа жедел жеткізгені үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне, сондай-ақ жедел жәрдем көлігіне жол беретін жүргізушілерге алғыс білдіреміз.

Төтенше жағдайларда әрбір минуттың маңызы зор, өйткені адам өмірі соған байланысты болуы мүмкін.

(RU) С днём рождения, Анна Андреевна!Ағзалар донорлығы: бұл Қазақстан үшін бүгінгі күні неліктен маңызды?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33