Донорлық кішкентай жүректен басталады
Донорлық туралы сөз болғанда, біз көбіне қан тапсыруға келетін
адамдарды ойлаймыз. Бірақ кейде донордың жанындағы кішкентай адамды
анасы немесе әкесімен бірге келген баланы да байқаймыз. Ол әлі донор
бола алмайды. Ол жай ғана ата-анасының қолынан ұстап, жан-жағына қарап,
сұрақтарын қояды: «Сен қан тапсыруға не үшін келдің? Ол кімге керек? Сен
біреуге көмектесіп жатырсың ба?» Ал ата-анасы оған жауап береді.
Мүмкін, дәл осы сәтте бала алғаш рет өзі танымайтын адамға да
көмектесуге болатынын түсінетін болар.
Бізде мұндай отбасыларды жиі кездестіреміз. Ата-аналар қан тапсыруға
келеді, ал балалары жанында болады. Олар бақылап, тыңдап, қызығушылық
танытып, түрлі сұрақтар қояды. Біз үшін бұл – күнделікті қалыпты жағдай.
Ал бала үшін
өмірдегі кішкентай сабақ. Мейірімділік пен
жанашырлықтың, өзгенің қайғысына бейжай қарамаудың сабағы.
Бүгін бала жай ғана анасы немесе әкесімен бірге келді. Бүгін ол әлі қан
тапсыра алмайды. Бірақ ертең ол есейіп, бір күні өзі қан орталығына келуі
мүмкін.
Мүмкін, донорлық дәл осылай басталатын шығар. Алғашқы қан
тапсырудан емес, алғашқы үлгіден, алғашқы ізгі ойдан, бір кездері бейжай
қалмауға үйретілген кішкентай жүректен басталады. Бүгін олар жақсылық
жасауды үйренеді, ал ертең өздері біреуге үміт сыйлай алады.


