Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері

2021 жылдың 1 – інші сәуірі күні «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – ның (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) туған күнінде ШҚОҚО – ның әкімшілігі қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің жоғары біліктілік санатымен мейірбике Феклистова Марина Савельевнаны «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Бұл күні Марина Савельевнаға алғыс хат пен ақшалай сыйақы берілді.

Марина Савельевна 1995 жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облыстық қан құю станциясының бактериологиялық зертханасы бөліміне мейірбике болып қабылданды. Бактериологиялық зертханада жұмыс істей жүріп, ол дәрі – дәрмектердің сапасын зерттеудің маңызды кезеңін-кәсіпорын шығаратын препараттардың биологиялық сынақтарын жүргізді. Сапаны бақылау бөлімінде жұмыс істеген жылдар ішінде ешқандай ескертулер, шағымдар болған жоқ. Бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталған.
2015 жылы желтоқсанда қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің мейірбикесі лауазымына ауыстырылып, қазіргі уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс істейді.
Қауіпсіздік пен сапаның жоғары талаптарына сай келетін қан компоненттерін өндіру үдерістерін жетік меңгерген.

Марина Савельевна орталықтың жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты қан орталығын жоғары технологиялық күрделі жабдықпен қайта жарақтандыру жағдайында қан компоненттерін өндірудің жаңа, заманауи үдерістері мен технологияларын игеруге, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша көшпелі жағдайларда өтеусіз донорлардан қанды жаппай дайындауға белсенді қатысты.

Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырып отырады, жас мамандардың тәлімгері болып табылады.

Ол еңбек сіңірген жылдары әріптестеріне үлгі бола білді. Ұжым оны еңбексүйгіштігі, ұқыптылығы, әдептілігі және мұқияттылығымен қатар, кәсіби құзыреттілігі, өз құзыреті шегінде тез шешім қабылдау қабілеті мен кәсіби ұқыптылығы сияқты іскерлік қасиеттері үшін құрметтейді.

ШҚОҚО – дағы көп жылғы адал еңбегі, жоғары іскерлік және жеке қасиеттері үшін кәсіпорын әкімшілігі мен әріптестерінің құрметіне ие болды, бірнеше рет кәсіпорын әкімшілігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Марина Савельевна, Сізді бүгінгі маңызды жетістігіңізбен, лайықты марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алда сіз бағындыратын биік шыңдар көп болсын!

Трансфузиологиядағы инфекциялық қауіпсіздікДонор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33