Донор күні
2021 жылдың 06 -ыншы сәуірінде “ШҚО бойынша азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ Донор күні өтті. Мұндай іс-шаралар осы ұйымда жылына екі-үш рет өткізіледі. Іс -шараның негізгі мақсаты-береке -бірлігі жарасқан ұжыммен қан тапсыру және сол арқылы қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу, өйткені барлығы адам өмірін құтқару үшін донорлық қанның маңыздылығын түсінеді.
“Донор болу құрметті және игі іс, сонымен қатар адамның денсаулығы үшін өте пайдалы, донор болған адам салауатты өмір салтын ұстап,зиянды әдеттерден арылып, үнемі өз ағзасының жай-күйін қадағалап, бақылап отырады. Біздің ұйым облыстық қан орталығымен ынтымақтастықта болғанына өте қуаныштымыз және мақтанамыз. Әріптестіктің арқасында үнемі біздің қызметкерлеріміз қан тапсырып, адам өмірін құтқарып жатады. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп және көмектесе отырып үлкен жетікстікке жететінімізге сенімдіміз”- деп атап өтті донорлық күнге қатысушылар.⠀ Құрметті біздің донорлар, науқастардың өмірін сақтап қалу үшін донорлық қанның маңыздылығын түсінгендеріңіз және қан орталығының жұмысына қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет айтамыз. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғыс білдіреміз! ⠀