Донорлық күн

Донорлық күн

Күнделікті өмірде игілікті іс жасайтын адамдар бар. Бұл біздің арамызда тұратын қарапайым адамдар. Біз оларды дүкенде, кинода, көшеде жиі кездестіреміз және олардың әрқайсысының есебінде құтқарылған адам өмірі бар. Үнемі өзгелердің өмірі үшін өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, олар қорқыныш, күмән дегеннің не екенін білмейді. Бұл адамдардың бойынан қайсар мінезділікті, рухтылықты, темірдей күш – жігерді көруге болады. Олардың басты міндеті өзгелердің өмірін құтқарып қалу. Яғни, бұл кейіпкерлер өрт сөндірушілер.
«Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман». Өрт сөндірушілер-бұл біздің заманымыздың нағыз батырлары. Олар адамдарды өлімнен құтқарып қана қоймай, өз қанымен қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарды құтқарады.
Бұған айқын мысал – 2021 жылғы 24 – інші мамырда Өскемен қаласының «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» оқу орталығында ұйымдастырылған донорлық күн. Бұл күні 40-тан астам өрт сөндірушілер мен курсанттар қан тапсырып, қан компоненттерінің қорын 19 литр қанға толықтырды.
Құтқарушыларға науқастардың өмірі үшін қан тапсырғандарына зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, батыл әрекеттер тілейміз!

Туған күніңізде өмір сыйлаңыз!Клиникалық трансфузиология мәселелері жөніндегі облыстық конференция

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33