Біз Донор күндерін өткізу үшін жаңа ұйымдар мен кәсіпорындарды іздейміз!
Құрметті шығысқазақстандықтар! Егер сіз кәсіпорынның (ұйымның, медициналық мекеменің, оқу мекемесінің, ЖШС және т.б.) басшысы болсаңыз, онда біз ең игі іс – Донорлық күнді тікелей сіздің аумағыңызда ұйымдастыру бойынша ынтымақтастыққа ашықпыз.
Облыстық қан орталығы донорларының көшпелі күндерінің форматы өте ыңғайлы. Көшпелі бригада барлық қажеттіліктермен жабдықталған және жоғары кәсіби мамандардан тұрады, бұл ерікті донорлардан қан алуға байланысты барлық рәсімдерді жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Іс жүзінде кез-келген дені сау азамат донор бола алады, егер ол 18 жастан асқан болса, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ және салмағы 50 кг-нан асатын болса. Донация алдында донор тегін медициналық тексеруден өтеді, оған терапевт пен алдын-ала зертханалық зерттеулер кіреді.
Егер сіз қан орталығының көшпелі бригадасын ұйымға шақырғыңыз келсе
(кәсіпорын, медициналық мекеме, оқу мекемесі, ЖШС және т.б.), онда біз сіздерді күтеміз! Ол үшін сізге менеджеріміздің телефон нөмірін теру керек, Мустафина Мира Ақылбековна: 87057520964, 700808.
Қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өмірі үшін игі істерді бірге жасайық!