«Жол көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек» атты қайырымдылық акциясы

«Жол көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек» атты қайырымдылық акциясы

Бүгін, 2021 жылғы 22 қарашада облыстық қан орталығында жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік ЖКО құрбандары күніне арналған «Жол көлік оқиғасында зардап шеккендерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл күні 40 астам шығысқазақстандықтар қан тапсыруға және қан тапсыру арқылы науқастарға көмектесу үшін қан орталығына келді.
Донорлық қан-бұл қуатты табиғи ресурс. Қан құюсыз перзентханалардың жұмысы, хирургиялық емдеу, көптеген онкологиялық ауруларды емдеу, ЖКО-дан зардап шеккендерге көмек көрсету мүмкін емес. Осындай көмекке мұқтаж адамдарға көмектесе білу өте маңызды. Дәл осындай қамқор адамдардың болуы салауатты қоғамның кепілі – ұлы елдің нағыз толыққанды азаматтарын тәрбиелеуге қабілетті орта.
Қан тапсырып болғаннан кейін, қайырымдылық акциясына қатысқан донорларымыз біздің серіктесіміз «Eira Med» ЖШС-нен сыйлықтар алды.
ҚҰРМЕТТІ ДОНОРЛАР! СІЗДЕРГЕ ШЫН ЖҮРЕКТЕН РАХМЕТ АЙТУҒА РҰҚСАТ ЕТІҢІЗДЕР! Сіздер өмірді құтқарасыздар! Сіздердің жасап жатқан игі істеріңізге, көмектесуге деген ерікті ниеттеріңізге алғыс білдіреміз!

Авторы: Мустафина М.А.

Донорлық күнДонацияға шақырамыз

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33