Донорлық күн
Жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде кемінде бір рет қан донорларына мұқтаж. Бір жерде апат болса, бір жерде-террористік акт, бір жерде әйел адам босану кезінде қан жоғалтып жатады. Олардың барлығын біріктіретін нәрсе донорлық қанға шұғыл қажеттілік. Алайда, үнемі қан препараттарына мұқтаж адамдар бар-мысалы, гемофилиямен ауыратын науқастар.
Бүгін, 2021 жылдың 18 қарашасында «ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін донорлық күн ұйымдастырды.
«ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ қызметкерлеріне мейірімді жүректерімен жасаған қайырымды істері үшін үлкен рахмет. Мейірімділік пен қайырымдылық -жоғары өнегелік құндылықтар. Осындай игілікті іс жасап, науқастар үшін ерікті түрде, өтеусіз қан тапсырып жатқан біздің донорларға мықты денсаулық тілейміз!