«Согра ЖЭО» ЖШС
Адам өмірінен басқа құнды ештеңе жоқ екеніне келісесіз бе? Статистикалық мәліметтер мынадай: жердің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде бір рет болса да донорлық қанға мұқтаж. Оның жетіспеушілігі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы және барлығына әсер етуі мүмкін. Донорлар кейде науқастар немесе зардап шеккендер үшін өмірдің жалғыз көзі болып табылады, өйткені қан мен оның компоненттерін жасанды түрде синтездеу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша әртүрлі салалардың ұйымдары мен кәсіпорындары адам өмірі үшін донорлық қанның маңыздылығын түсіне отырып, донорлық күндерді ұйымдастырады. Осындай донорлық күндердің бірі 2021 жылғы 21 желтоқсанда «Согра ЖЭО» ЖШС-де өтті.
«Бүгінде біздің ұйым мұндай іс – шараға бірінші рет қатысып отырған жоқ, өйткені біздің қызметкерлеріміз қан құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге, сондай-ақ ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға үлес қосуға әрқашан дайын», – деп атап өтті донорлық күнді ұйымдастырушылар.
«Согра ЖЭО» ЖШС – нің директоры Нұрлан Қазықбайұлына ынтымақтастық және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін алғысымды білдіремін.
Қан тапсырған барлық донорларға үлкен рахмет!