Мейірімділік-әлемді құтқарады!
Сұлулық әлемді құтқарады деп жатады. Біз оны махаббат пен мейірімділік құтқарады деп санаймыз. Жақсылық – күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Адамгершілікті, имандылықты сипаттайтын ұғым. Жақсылық жасау едәуір қиын іс емес, дегенмен бізге әкелер сауабы мол, еш дүниемен өлшенбейді.
Қиналып тұрған жанның жүрегіне қуаныш сыйлап, қасынан табылып сөзбен, іспен көмектесе алған адамның бойында жақсылық пен қоса адамгершілік қасиетінің басым екенін көреміз.
2022 жылдың 03 – інші наурызында «ШҚО бойынша азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ қызметкерлері қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар үшін қан тапсыру бойынша донорлық күнін ұйымдастырды. Таңертеңнен бастап осы ұйымның қамқор қызметкерлері жұмыстың қауырттығына қарамастан, қан тапсыруға асықты.
Бұл күні барлығы 30 астам адам қан тапсырды.
Біздің барлық қамқор донорларымызға жасап жатқан қайырымды істері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Авторы: Мустафина М.А. @mira_akilbekovna
#Доноркүні #ҚанорталығыШҚО #Қанорталығы