Құрметті донорлар, біздің сіздерге айтар жақсы жаңалығымыз бар!
Көптен бері күткен біздің асханамыз сіздерге есігін айқара ашты. Асхананың ашылуы жағымды және маңызды оқиға. Біз үшін адамның қалай және қандай көңіл-күймен жұмыс істейтіні, еңбек жағдайы, қалай және қайда тамақтанатыны маңызды.
Денсаулық -адам өміріндегі ең басты құндылық. Сондықтан денсаулықты сақтау мемлекет үшін де, жұмыс беруші үшін де, әрқайсымыз үшін де маңызды болып табылады. Денсаулықтың негізі-бұл, әрине, дұрыс тамақтану. Сондықтан біздің асханамыздың қайта ашылғанына өте қуаныштымыз.
Асхананың ашылуына байланысты, құрметті донорлар донацияға дейін тағамдардың тартымды иістеріне берілмеуді және донордың диетасын сақтауды сұраймыз, өйткені бұл қан сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Донациядан кейін қалаған тағамыңызды жеуге рұқсат етіледі)))).
Маңызды сәт! Асханада өзіне-өзі қызмет көрсетіледі, келушілерге қойылған жеңіл тағамдар, салаттар, тәтті және ұнды-кондитер өнімдері, десерттер, салқын және ыстық сусындар ассортиментін өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілген. Келушілер бірінші тағамдарды (сорпаларды) және екінші ыстық тағамдарды аспазшылар бөлгеннен кейін алады.
Біз сіздерді, қымбатты донорлар мен қызметкерлерді әдемі және жаңадан ашылған асхананың қабырғасында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Асхана сағат 9: 00-ден 15: 40-қа дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Сенбі, жексенбі демалыс!
Авторы: Мустафина М.А. @mira_akilbekovna
#Қанорталығы #асхана